ЕҰУ студенттері мен оқытушылары назарына! АҚШ елшілігі ұйымдастырған ұлттық Spelling Bee конкурсын жіберіп алмаңыздар!

Құрметті ЕҰУ студенттері мен  оқытушылары!

Қазақстанда алғаш рет АҚШ елшілігі ұйымдастырған  ұлттық Spelling Bee конкурсын өткізіп алмаңыздар!

Конкурс студенттер арасында ағылшын тіліндегі сауаттылықты арттыру мақсатында жүргізіліп отыр. Қазақстандағы 11 Америка бұрышында өткен аймақтық конкурстың жеңімпаздары  Астанада бақтарын сынап, ең «Үздік  speller» атағы үшін додаға түседі. Конкурс наурыздың 4-не сағат 11-00-де  ЕҰУ бас ғимаратының ҚР Тұңғыш Президентінің аудиториясында өтеді (№208).

Конкурсты Қазақстандағы АҚШ-тың  Елшісі Джордж Кролл мырза ашады. Доданы атақты актер Әнуар Нұрпейісов жүргізеді. Сондықтан, өз студенттеріңізге қолдау көрсетіп, көрермендерге арнайы дайындалған сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!