Құрметті әріптестер, докторанттар, магистранттар және студенттер!
2017 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың дайындық факультетіне қарасты шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» атты IX-ші жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.
Ұйымдастыру комитеті ғылыми кызметкерлерді, ЖОО-ның оқытушыларын, студенттерді, магистранттарды және мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушыларын конференцияға белсенді атсалысуға шақырады.
Конференция жұмысының бағыттары:
– Педагогика ғылымдары
– Ұлттық тәрбие
– Филологиялық ғылымдар
– Жаратылыстану-ғылыми пәндер
– Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
– Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Конференция тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Конференцияға іштей және сырттай қатысуға болады. Конференция материалдары бойынша арнайы жинақ шығарылады, тіркеу кезінде қатысушыларға таратылады немесе пошта арқылы жіберіледі
Мақалалар мен өтінімдер төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Абая данғылы, 56б, 212 кабинет – шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Дайындық факультеті, сондай-ақ төмендегі электрондық поштаға жіберуге болады: е-mail: rus.kafedra@mail.ru. Конференцияның ұйымдастыру жарнасы – 4 000 теңге.
Конференция қатысушыларының жатын орны, тамақтануы іс-сапарға жіберуші ұйым тарапынан төленеді.
Конференцияға қатысушыларды тіркеу 2017 жылдың 7 сәуірінде сағат 09.00 -10.00 дейін.
Ұйымдастыру комитеті: Шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасы – 8 (727)392 22 50.