«Жоғары мектепте «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәнін оқыту: Бексұлтан Нұржеке-ұлы романдарындағы тұлға әлеуеті» атты ғылыми-әдістемелік конференция

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Пайым» ғылыми-зерттеу, білім беру Орталығында «Әдеби мұраны игеру бағыттары және оны білім берудегі қолданбалы мәні» жобасы бойынша жоспарланған «Әдебиеттану ғылымы және білім беру» атты дәстүрлі республикалық біліктілік, білім сайысы 2017 жылдың 31 наурызы күні  «Жоғары мектепте «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәнін оқыту: Бексұлтан Нұржеке-ұлы романдарындағы тұлға әлеуеті» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік конференция ауқымында өткізіледі.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ прозасында отбасылық роман, тарихи роман жанрында; замандас өмірінің өзекті рухани-адамгершілік аспектілері бағытында өріс түзген елеулі көркем туындылар жазған; қазақ тарихын зерттеу; шығармашылық тұлғалар ғұмырбаянын зерттеу ұстанымдары, мемлекетшілдік, ұлтжандылық мұраттар өнегесі айқын жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлының шығармашылығы қазіргі қазақ әдебиетін зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері ауқымында ғылыми-әдістемелік негізде қарастырылып, сараланатын біліктілік, білім сайысына республика ЖОО профессор-оқытушылары мен білімгерлері, филолог ғалымдар, әдіскер мамандар қатысады.

Республикалық деңгейде өтетін біліктілік, білім сайысы 2 кезеңнен тұрады.

1-кезеңде ғылыми-әдістемелік мақала, жеке жобалар, студенттердің танымдық эсселері алдын-ала жолданып, саралаудан өтеді (материалдар 10 наурызға дейін жолдануы керек). Жарамды жұмыс авторлары екінші кезең – Қорытынды жиынға «Шақырту» алады.

2-кезең бағдарламаға сәйкес 31 наурыз күні үш бағытта өтеді:

І Шығармашылық еркіндікте әзірленген «Жеке жоба» қорғау;

ІІ Білімгерлердің топтық сайысы;

ІІІ «Шығармашылық сыр. Жазушымен жүздесу» тақырыбындағы дөңгелек үстел.

1. Жеке жоба. Жоба-сабақ, жоба-сұхбат, жоба-тақырыптық кеш сценарийі, жоба-зерттеу бағытында шығармашылық еркіндікке пысықталады;

2. Білім сайысы. Командалық жарыс және жеке оқу орындары арасында емес, «Жетісу», «Сарыарқа», «Сырдария» ортақ топтары құрылып, «Мен оқыған бір кітап» (танымдық эссе); тірек сөздер; тест тапсырмалары; тосын сұрақ (Кім? Қайда? Қашан? Неге?) зияткерлік ойыны; сұхбат-сауал түрінде өтеді.

Білім сайысының нәтижесі жалпы командалық есеп арқылы да, аталым бойынша да шығарылады.

Сайыс жеңімпаздары жүлделі орындар, бірнеше аталым бойынша марапатталады. Конференция материалдары «Әдебиеттану ғылымы және білім беру» атты сериялық жинақ болып жарыққа шығады.

Конференция жұмысына қатысушылар 2017 жылдың 10 наурызына дейін жіберілген Өтінімге сәйкес шақырылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Пайым» ғылыми-зерттеу, білім беру Орталығы;  

Байланыс: 8 (7282) 22-16-67 (1145), +77022133551 Айна Маратқызы. zhmu.paiym@mail.ru

Ақпараттық хат