«Ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа 25 жыл: жетістіктер мен перспективалар» атты халықаралық семинар

Биыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұрынғы Семей сынақ полигоны және Қазақстан аумағында орналасқан тиісті ғылыми ұйымдар мен объектілер негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығын құру туралы Жарлыққа қол қойғанына 25 жыл толады.

Өткен 25 жылда ҚР Ұлттық ядролық орталығы мықты ғылыми-зерттеу орталығына, халықаралық ғылыми қауымдастықтың толық құқықты қатысушысына айналды. ҚР Ұлттық ядролық орталығының құрылғанына 25 жыл толуына орай 2017 жылғы 19 мамырда Курчатов қаласында ҚР ҰЯО негізінде «Ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа 25 жыл: жетістіктер мен перспективалар» атты халықаралық семинар өтеді.

Семинар ҚР ҰЯО қызметінің 25 жыл ішінде жүргізілген таратпау, атом энергиясы, радиоэкология қауіпсіздігі саласындағы ғылыми зерттеулердің қорытындылары шығарылып, одан әрі даму перспективалары айтылатын үлкен үнқату алаңы болмақ. Семинарға қатысушылар үшін ҚР ҰЯО объектілерін (зерттеу реакторлары, ҚР ҰЯО және ССП мұражайлары, зертханалық корпустар, КТМ токамагы және тағы басқалар) аралау ұйымдастырылатын болады.

Байланыс: 8 (72251) 2-56-95

E-mail: zp@nnc.kz