2 наурызда Талғат Мұсабаевпен кездесу өтеді

2017 жылғы 2 наурыз күні сағат 15.00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де студенттер қауымының ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, Ресей Федерациясының қаһарманы, генерал-лейтенант, Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, техника ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, ҚР Президентінің кеңесшісі Мұсабаев Талғат Амангелдіұлымен кездесуі өтеді.

Кездесу «Мәңгілік Ел» оқу бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өтеді. Аталған іс-шарада ұшқыш-ғарышкер баяндамасы, сондай-ақ Ұшқыштар қалашығындағы ғарышкерлер қатарындағы дайындықтарының үзінділері, ғарыштағы сапарының және күнделікті жұмыс күндерінің бейне көріністері көрсетіледі.

Талғат Мұсабаев кездесу барысында алғаш рет отандық ғарыш саласының қалыптасу тарихына тоқталып, елімізде серіктік байланыс жүйесі жобасын құру, қазақстандық жер серіктерініңалғашқы үлгілерін шығару мәселесі жайлы баяндайды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-і өкілдерінің және республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Шараға университеттің студенттері мен оқытушы-профессор құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысады.

Өтетін орны: Астана қ., Сәтпаев көшесі 2, 259 аудитория – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми Кеңестің мәжіліс залы.

Байланыс телефондары: 8 7172 709 500 (31213),

Төлеубаев Жәнібек Зейноллаұлы:  +7 701 641 6511

e-mail: kafedra_ank.enu@mail.ru