«Сейфуллин оқулары-13» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (әрі қарай – ҚАТУ) университеттің 60 жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары-13» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция – қалыптасқан дәстүр бойынша студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілердің жұмыстарын таныстыру және талқылауға арналған пікірлесу алаңы болып табылады. Секциялардың мақсаты ғылыми зерттеулердіің басым бағыттары бойынша конструктивті пікір алмасу, жас ғалымдардың өзіндік ғылыми зерттеу нәтижелерін, инновацияларға жаңа көзқарасты көрсетумен түйістіріліп, жастар арасында интеллектуалды дағдыларды дамыту мен ғылымды танытуға арналған.

Конференцияға ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер шақырылады.

Конференция келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1) Егін шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы;

2) Ветеринария және мал шаруашылығы;

3) Тамақ өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау технологиясы;

4) Ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, көлік және логистика;

5) Қазақстан аграрлық секторының экономикалық проблемалары;

6) Жерге орналастыру, кадастр, бағалау және геокеңістік технологиялары;

7) Экология және табиғатты тиімді пайдалану;

8) Энергетика, электротехника және энерготиімді технологиялар;

9) Гуманитарлық ғылымдар;

10) Сәулет, қала құрылысы және дизайн;

11) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

12) Жаратылыстану және математикалық ғылымдар;

13) Психологиялық-педагогикалық білім беру мәселелері;

14) Биология және биотехнология.

Конференция ғылыми жұмыстарының тілі: мемлекеттік, орыс, ағылшын. Конференцияға қатысушылардың шығыны өз тарапынан жүргізіледі.

Негізгі күндер:

• тезистерді қабылдаудың соңғы күні – 2017 жылдың 24 наурызы

• конференция өткізілетін күні – 2017 жылдың 21 сәуірі

Өтетін орны: Астана қ., Жеңіс даңғылы 62, ҚАТУ Бас ғимараты. Баяндама тезистері мен өтініштерді ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жолдау қажет: 010011, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62., С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Ғылым және инновациялық қызмет департаменті, 1304 бөлме.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 395-548, 310-245

е-mail: conference.katu@gmail.com.

 

Ақпараттық хат