«Шахмардан Есеновтің ғылыми мұралары» атты Сәтбаев оқулары

Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті «Сәтбаев оқуларын» ұлы ғалым, геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Лениндік сыйлықтың лауреаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың иегері Шахмардан Есеновтің 90 жылдығына байланысты «Шахмардан Есеновтің ғылыми мұралары» атты  тақырыпта өткізеді.

Конференцияға қатысуға студенттер, магистранттар, жас ғалымдар шақырылады!

Сәтбаев оқулары жұмыстары келесі ғылыми бағыттарда жүргізіледі:

1. Геология және мұнай-газ ісі

2.Тау-кен-металлургиялық индустриясы

3.Өндірістік инженерия

4.Жоғары технологиялар инженериясы

5.Сәулет және құрылыс

6.Химиялық инженерия

7.Базалық пәндер

8. Экономики және бизнес

Ғылыми жұмыс тілі:қазақ, орыс, ағылшын.

Ғылыми еңбектер жиғаны конференциядан кейін сайтта электронды нұсқада беріледі.Көлемі 4 беттен тұратын материалдар 1 Қосымша талаптарына сай рәсімделіп, электронды адреспен тиісті секция бөліміне жіберіледі.

Конференция аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

Ұйымдастыру комитеті рәсімдеу талаптарына сай келмейтін баяндамаларды кері қайтаруға құқылы. 

Секция атаулары:

  • Минералды-шикізат базасының тұрақты даму негізі болатын пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау
  • Мұнай мен газды игеру, тасымалдау, бұрғылау технологиясы мен жетекші зерттеу әдістері
  • Қара, түсті металл металлургиясы және пайдалы қазбаларды байыту
  • Тау-кен ісі, маркшейдерия, геодезия, технологиялық машиналар мен жабдықтар
  • Материалтану және материалдарды өңдеу технологиясы
  • Жұмыс техникасы және жұмыс техника жүйелері
  • Машинажасау
  • Полиграфия және жинақтау
  • Көлік техникасы
  • Қуат көзін тұтыну және өндірістегі ресурс үнемдеуші технология
  • Фундаменталды ғылымдар-жоғары технология трансферті және жинақтаудың теориялық және эксперименталды базасы ретінде
  • Наноқұрылымданған материалдар, құрылымы, алынуы, қолданылуы
  • Ғарыштық зерттеулер мен технология
  • Экологиялық және биотехнологиялық зерттеулердің қолданбалы аспектілері
  • Сәулет және дизайн тиімділігі мен мәселелері: жастар көзқарасы
  • Ресурс және қуат көзін үнемдеуші технологиялар: тәжірбие және тиімділіктер
  • Химия және химиялық технологияның қазіргі мәселелері
  • Ғылым және білім қазіргі замандағы қоғам дамуының маңызды факторлары
  • Экономиканың технологиялық модернизациялануы-елдің тұрақты даму факторы

Маңызды күндер!

6 наурыз 2017 ж. – конференцияға берілетін баяндамалар мәтінін қабылдаудың соңғы күні

12 сәуір 2017 ж. – конференция өтетін күн

Байланыс мекен-жайы:

Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары: Еңсепбаев Талғат Аблайұлы

050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22, Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ ісі институтының директоры, бас оқу ғимараты, кабинет 325, Тел./факс +7(727) 257-70-31, ішкі: 70-31, E-mail: tensep@mail.ru

Жауапты орындаушы: Бекботаева Алма Анарбекқызы

050013 Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, «Геологиялық түсіру, ПҚК іздеу және барлау» кафедрасының меңгерушісі, бас оқу ғимараты, кабинет 439, тел.: +7(727)292-02-97, ішкі: 73-27, E-mail: a.bekbotaeva@mail.ru

Конференция хатшысы: Қадықова Маржан Бейсембайқызы

050013 Алматы қаласы, ул. Сәтбаей көшесі, 22, «Геологиялық түсіру, ПҚК іздеу және барлау» кафедрасыныңтьюторы, бас оқу ғимараты, кабинет 427, тел.: +7(727)257-71-48, ішкі: 71-48, E-mail: kadykova-2010@mail.ru

Ақпараттық хат