Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты 2017 жылдың 7 сәуірінде «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми мәселелер зерттемелерімен айналысатын ЖОО курсанттарының (студенттердің), магистранттарының, докторанттарының Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді. Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өтеді:
1. Әкімшілік құқықтың және әкімшілік қызметтің өзекті мәселелері
2. Қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамаларын және криминологияны жетілдірудің мәселелері мен болашағы
3. Қылмысты ашу және тергеу мәселелері бойынша өзекті сұрақтар
4. Мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық дамытудың жалпытеориялық негіздері
5. Психологиялық-педагогикалық негіздер және арнайы дайындық
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне өтінім мен материалдар мәтіні 2017 жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей жолдануы тиіс. Конференция материалдары тегін жарияланады.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атөбе қ., 41-разъезд, Курсанттар тас жолы – 1, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты. Қосымша ақпараттар аалу үшін +7 (7132) 98-80-37 телефонына немесе mail@aui.aktobe.kz поштасына хабарласа аласыздар.