“Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе” атты XLI ғылыми-практикалық конференция

2017 жылдың 3-4 сәуірінде М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы оқытушылар, жас ғалымдар, PhD докторанттар, аспиранттар, магистранттар мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін “Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе” атты XLI ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Темір жол көлігінде автоматика жүйесін дамыту болашағы.

2. Темір жол саласындағы радиоэлектрондық және телекоммуникациялық технологияларды дамыту.

3. Электр энергетикасындағы өзекті мәселелер.

4. IT инновациялар.

5. Тасымалдау процесін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер.

6. Логистикалық жүйелер мен көліктегі тасымалдау процесінің технологиялары.

7. Қазіргі жағдайда салалық және өңірлік экономикасын басқару.

8. Темір жол жылжымалы құрам.

9. Көлік құрылысындағы инновациялар.

10. Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау.

11. Тіршілік қауіпсіздігі және экология.

12. ЖОО студенттердің үштілді құзыреттілігін қалыптастыру.

13. Қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері тұрғысындағы жаңа әлеуметтік мүмкіндіктер.

14. Жаратылыстану-ғылыми пәндердің өзекті мәселелері.

15. Дене шынықтыру және спорт.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға ұсынылатын баяндамада өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелері немесе маңызды практикалық мәні болуы тиіс. Студенттердің үздік баяндамалары дипломдармен марапатталады және ұйымдастыру комитетінің шешімімен конференция еңбектерінің жинағына енгізіледі.

Конференцияға қатысу түрі – күндізгі / сырттай.

Конференция қорытындысы бойынша ЕЭБ кіретін ISBN халықаралық нөмірі берілетін конференция материалдарының жинағы жарық көреді.

Баяндамалар мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі – 2017 ж. наурыз айының 10 дейін.

Конференцияға қатысу үшін төмендегі материалдардың қағаз және электронды тасығыштағы нұсқасын Конференцияны ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына ost.kazatk@mail.ru хаттың тақырыбында «XLI ғылыми-практикалық конференция» деп міндетті түрде көрсете отырып, ұсыну қажет:

– тіркелген форма бойынша қатысуға өтінім (файлдың атауы бірінші автордың аты-жөніне сәйкес келу керек);

– төменде келтірілген талаптарға сәйкес ресімделген мақала (бекітілген файл атауында алғашқы автордың тегін _мақала атауын көрсетіңіз);

– ақы төлеу туралы түбіртек.

Шеттен келген авторлар үшін жинақтың Pdf-нұсқасын алу – 1605 теңге, басқа ЖОО студенттері үшін – 535 теңгені құрайды.

Шеттен келген авторлар үшін конференция материалдары жинағының баспа нұсқасын алу – 3210 теңге, сол сияқты басқа ЖОО магистранттар мен докторанттар үшін – 1605 теңге, сол сияқты басқа ЖОО студенттері үшін – 1070 теңгені құрайды.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 97, М. Тынышпаев атындағы ҚазККА, 2718 бөлме. Тел.: +7(727)292-23-12.

Факс: 292-44-85.

E-mail: ost.kazatk@mail.ru

XLI ғылыми-практикалық конференция туралы ақпарат www.kazatk.kz сайтында орналасқан.

 

Ақпараттық хат