«Шетел филологиясы және лингводидактиканың өзекті мәселелері: теориясы мен тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар

2017 жылдың 14 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Неміс тілі орталығы – Гёте-институтының серігімен бірлесе «Шетел филологиясы және лингводидактиканың өзекті мәселелері: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізеді.

Талқыланатын сұрақтар:

  • Шетел филологиялық зерттеулердің заманауи бағыттары

  • Қазақстандық және шетелдің шет тілдік білім берудің мәселелері

  • Компаративті лингвистиканың мәселелері

  • Отандық және шетелдік әдебиеттану: дамудың үрдістері

Семинар жұмысына жетекші отандық және шетелдік ғалым-филологтар қатысады. Тақырыптар бойынша мастер-класс өткізу жоспарланады. Филология және лингводидактика саласында ғалымдар, жоғары мектептің оқытушылары, магистранттар, докторанттар мен ізденушілер, ҒЗИ қызметкерлері қатысуға шақырылады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз.

Материалдар сеимнардың алдында арнайы жинақта шығарылады және электронды нұсқасы университеттің сайтына жүктеледі. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Қатысу ақысы – 3000 теңге.

Қатысуға өтініш 2017 ж. 24 наурызға дейін қабылданады. Электронды пошта: seminar.enu2017@yandex.ru («Семинар» деген тақырыппен) немесе келесі мекен-жайымыз бойынша: Қазақстан, Астана қ, Қажымұқан көш., 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, филологиялық факультет, шетел филологиясы кафедрасы, 328 каб. Байланыс телефоны: 8 (7172) 709-500 (ішкі 32-318), семинар жұмысына жауапты – Бекжанова Жазира Ербулатовна, PhD, кафедраның аға оқытушысы.

Семинардың өту орны: Астана, К.Мұнайтпасов көш., 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, оқу-зертаханалық ғимарат (УЛК)

Семинар басталуы: 10.00

 

Ақпараттық хат