2017 жылдың 11-13 мамыр аралығында «Мәдениаралық зерттеулер және білім берудегі трансформация: шет тілдерін оқыту аспектісінде» FLTAL – 2017 конференциясының мақсаты – тілді оқытуда теория мен практиканы ұштастыра білу, зерттеу нәтижелерін қолданысқа енгізу мәселелерін талқылау.
Ұйымдастырушылар: Сулейман Демирель Университеті Филология және педагогика факультеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Қазақ Ұлттық Гуманитарлық Заң Университеті және Қазақстан қолданбалы лингвистика ассоциациясы (AALK).
Конференцияға шет тілдерін оқыту, сондай-ақ тіл білімі мен қолданбалы лингвистика,
әдебиеттану және журналистиканың төмендегідей аспектілері бойынша ғылыми баяндамалар қабылданады:
-
Қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері
-
ХХ-ХХІ ғғ. когнитивтік лингвистика
-
Когнитивтік және құрылымдық грамматика
-
Дискурстық талдау мәселелері · Арнайы мақсаттарға бағытталған ағылшын тілі
-
Тәуелсіз/дербес/автономды оқытуға қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыру
-
Тілді оқытудағы инновациялар
-
Көптілді/мәдениаралық білім беру
-
Тіл оқытуда оқу жоспарын дамыту мәселелері
-
Тіл тарихы
-
Шет тілін оқытатын мамандарды даярлау
-
Тілді оқыту әдістемесі
-
Тілдік тестілеу және бағалау
-
Тілдік бағдарламаны бағалау
-
Қазіргі лингвистиканың өзекті мәселелері
-
ХХІ ғ.әдебиеті
-
Медиакоммуникация және журналистика
-
Ментальды кеңістік және концептуалдық араласу
-
Метафора және метонимия: зерттеу мәселелері
-
Прагматика саласындағы зерттеулер
-
Тіл үйренушілердің оқылым дағдысын дамыту
-
Семантика
-
Семиотика
-
Өзге ұлт өкілдеріне тілді оқыту / Тілді екінші тіл ретінде оқыту / Тілді шет тілі ретінде
оқыту, сондай-ақ лингвистика, әдебиеттану және журналистика саласында шет тілдерін
оқытумен байланысты мәселелер.