17 наурызда «Аударма ісі» мамандығы бойынша университетаралық студенттік олимпиада өтеді

2017 жылы 17 наурызда филология факультеті, жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Аударма ісі» мамандығы бойынша университетаралық студенттік олимпиада өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаты – «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру, қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ, орыс-ағылшын, ағылшын-орыс тілдерінде еркін аударма жасау қабілеттерін дамыту, аударманың ауызша, жазбаша, ілеспе, ізбе-із аудару сияқты түрлерін меңгерту. Сонымен қатар:  «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатарынан үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті білім алушыларды анықтау; тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, бірнеше тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, ұлттық патриотизмді нығайту.

Олимпиаданың міндеттері:

1. Тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру.

2. Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.

Олимпиаданың шарттары:

1. Олимпиадаға «Аударма ісі» мамандығының  3-курс студенттері қатыса алады.

Олимпиадаға қатысушыларға берілетін тапсырмалар:

1-тур:

Мақсаты: әртүрлі жанрдағы мәтіндерді аудару арқылы студенттердің аударма жасау қабілетін тексеру (5-6 минут);

2-тур:

Мақсаты: парақтан ақпаратты аударма жасау (10 минут).

Олимпиадаға қатысушылардың өтініші – 15.03.2017  дейін мына электронды пошталар арқылы қабылданады: kyzyrova888@mail.ru

Өткізілетін орны – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-зертханалық ғимараты (9 қабатты),  320-дәрісхана. Байланыс телефондары: 35-37-38 (52-24), 8-701-456-13-81 (Қызырова Әсем Манарбекқызы).

Олимпиадаға қатысуға өтініш беру үлгісі:

1.     Қатысушының аты-жөні

2.     Университеті (ЖОО аты)

3.     Мамандығы, курсы, бөлімі

4.     Қатысушының телефоны, e-mail адресі

5.     Ғылыми жетекшісі