«Инновациялық экономика және қоғамды ізгілендіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты 2017 жылы 19 мамырда ҚР ҰИА академигі, э.ғ.д., профессор Сәбден Оразалы Сәбденұлының 70-жылдық мерейтойына орай «Инновациялық экономика және қоғамды ізгілендіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. 

Конференция бағдарламасы екі сессиядан тұрады.

1 сессия – Инновациялық экономика: жаһандық сын-қатерлер мен жаңа міндеттер

–           экономиканы инновациялық дамытуды болжау әдіснамасы;

–           жаңа өзгермелі әлемдегі жаһандану және экономикалық басымдықтар;

–           инновациялық экономиканың әлеуметтік-мәдени қырлары;

–           болашақ энергиясы және «жасыл экономика»;

–           инновациялық экономиканың аймақтық дамуы мен өсу нүктелері;

–           ұлттық экономикаларды жаһандық басқару және олардың қауіпсіздігі.

2 сессия – Ізгілендіру қоғам дамуын үйлестіру мен оңтайландыру факторы ретінде

–          қалыптасып келе жатқан жаһандық дүниетанымның іргелі мәселелері;

–          планетарлық ойлаудың философиялық тұжырымдамасы;

–          институционалдық реформа және азаматтық мәдениет;

–          ұлттық болмыс және рухани-мәдени құндылықтарды жандандыру;

–           қоғамды ізгілендірудің тарихи қырлары;

–           қазіргі заманғы білім беру кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдері;

–           Жібек жолының гуманитарлық белбеуі.

Конференция жұмысына атақты отандық және шетел ғалымдары, жоғары оқу орындары жұмыскерлері, мемлекеттік билік органдары, бизнес, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, әлеует өкілдері қатысады. 

Аталмыш іс-шара жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады, жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік билік органдарына арналған ұсыныстар әзірленеді, оның материалдары ғылыми басылым түрінде жарық көреді.

Конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдерді және 1 аралық интервалды компьютерде терілген 5 авторлық беттен аспайтын баяндама тезистерін қағаз жүзінде және электрондық нұсқамен 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін жіберу қажет. Бір баяндама тезисін жариялау құны – 4000 теңге (төрт мың теңге).

Конференцияның ұйымдастыру комитеті: 050010, Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 29, Тел.: 8 (727) 261-01-75.

Факс: 7-7272-72-78-29.

Е-mail: ieconf2017@mail.ru.

 

Ақпараттық хат