2017 жылғы 22 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Экономика факультетінің «Менеджмент» кафедрасы «G-Global» ақпараттық-коммуникативтік алаңында «Инновациялық менеджмент және кәсіпкерлік: өндірісті әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізеді.
Онлайн-конференцияның модераторы – Толысбаев Бауыржан Советұлы, э.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі.
Конференция барысында келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:
1. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы
2. Экономиканың технологиялық жаңғыруы
3. Бизнес-ортаны қалыптастыру және жаппай кәсіпкерлікті дамыту
4. Адами капиталдың сапасын арттырудағы білім беру жүйесінің рөлі
Онлайн-конференция қатысушылары: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ-сы), Новосибирск мемлекеттік университеті (РФ, Новосибирск қ-сы), «Экономика жоғары мектебі» ұлттық зерттеу университеті (РФ, Санкт-Петербург қ-сы), Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті (Семей қ-сы), Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Атырау қ-сы)
Өтетін орны мен уақыты: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ОӘҒ 303 кабинет, сағат 15.00 (Астана уақыты)
Қосымша сұрақтар бойынша тел.: +7 (717) 2709500 (32104) немесе tolysbaev_b@enu.kz.