««Жасыл Көпір» Серіктестігі Бағдарламасы: болашағы және жүзеге асу механизмдері»

Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі Астана қаласында «Болашақ энергиясы: С02 шығарылуын қысқарту» ЭКСПО-2017 Халықаралық форумның шеңберінде 2014 жылдың 23 қазанында өтетін ««Жасыл Көпір» Серіктестігі Бағдарламасы: болашағы және жүзеге асу механизмдері» Пленарлық сессияға шақырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Рио+20 Бүкіләлемдік Саммитінде «Жасыл Көпір» Серіктестігі Бағдарламасы бойынша Жаһандық бастамасын алға тартты, мақсаты Еуропа мен Азия арасындағы «жасыл» экономика облысындағы білім, инновациялар мен технологиялардың трансферты саласындағы ынтымақтастықты нығайту. Қазіргі уақытта бұл бастамаға Еуропа мен Азияның 12 мемлекеттері қосылды. Пленарлық сессияны өткізу шеңберінде тағы 3 еуропалық мемлекеттің қосылуы күтілуде. 2014 ж. 24 қазан күні өтетін сараптама отырыстарының барысында

«Жасыл Көпір» Серіктестігі Бағдарламасының Қауымдастығын және «Жасыл Көпір» Институтын құру бойынша құжаттардың жобалары көрсетіледі.

Форумға қатысу үшін қосымша сұрақтар болса хабарласыңыздар: +7(7172) 740882, 740846, 277294, 279580 немесе электрондық поштаға: m.nauryzbek@energo.gov.kz, samenova@energo.gov.kz, info@green-academv.kz.