SEE into the Future Astana: XXI ғасырдағы дағдылар, кәсіпкерлік және жұмысқа орналастыру

«SEE into the Future Astana: XXI ғасырдағы дағдылар, кәсіпкерлік және жұмысқа орналастыру» 2014 жылдың 18-19 қарашасында Назарбаев Университетінде (Астана қ.) өткізіледі.

British Council Шығыс, Оңтүстік Еуропада және Орталық Азияда бұрын өткізілген, Астанадағы жастардың дағдыларын жақсарту тақырыбында конференциясын өткізуге жоспарлап отыр.

SEE Into the Future Astana конференциясы Қазақстанның және іргелес аймақтардың үздік мамандардың қатысуымен және қазақстандық білім берудің көшбасшысы Назарбаев Университеті мен «Кәсіпқор» Холдингімен (әлемдік деңгейдег колледж жүйесін құру мен жасау бойынша ұйым) бірлесіп ұйымдастырылып жатқан жоғары деңгейдегі айтулы диалогы болып табылады. Бұдан басқа, British Council онлайн-зерттеулерді, пікірталастарды және байқауларды ұйымдастырады, сонымен қатар, дағдылар, кәсіпкерлік пен жұмысқа орналастыру бойынша алдыңғы қатарлы сарапшылардың бірқатар мақалаларын басып шығарады.

Мамандар келесі мәселелер бойынша талқылау жүргізіп, кері байланыс жасайды:

· Білім беру мекемелері мен кәсіпорындар өзара ынтымақтастықты қалай жақсарта алады?

· Жастарға кәсіпті дұрыс таңдау жасауға қалай көмектесуге болады? Кәсіпорындар жастардың қажетті дағдыларға ие екендігіне қалай сенімді болады?

· Жастардың болашақта жұмысқа орналасуға жақсырақ дайын болуы үшін білім беру мен оқытуда қандай өзгерістерді енгізу қажет?

Егер Сіз білім беру саясатында жұмыс істесеңіз, ЖОО/колледждің басшысы немесе маманы, адам ресурстарын басқару бөлімінің немесе кәсіпорынның жетекшісі болсаңыз, онда SEE Into the Future Astana Сіз үшін!

Ақпараттық хат (орыс.)

Ақпараттық хат (ағылшын.)