«Нано-және микроэлектрониканың өзекті мәселелері» жалпыресейлік ғылыми жастар конференциясы

«Нано-және микроэлектрониканың өзекті мәселелері» жалпыресейлік ғылыми жастар конференциясы 2014 жылдың 2-5 желтоқсанында Уфа қаласында өтеді.

Конференция жұмысына қатысу үшін жас ғалымдар, аспиранттар мен студенттер шақырылады.

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарна қарасытырылмаған! Жас ғалымдардың жүріп тұрулары мен тамағы жағына қаржылық қолдау қарасытырылуы мүмкін.

Үздік жұмыстар «Башқұрт университетінің хабаршысы» РИНЦ журналында жарияланады.

Белгілі ресейлік ғалымдардың нано-және микроэлектрониканың өзекті мәселелері бойынша пленарлы баяндамалар мен дәрістермен сөз сөйлеуі, сонымен қатар секциялар бойынша ауызша баяндамалар формасында жас ғалымдардың өзіндік хабарламаларын талқылауы жоспарлануда:

· «Нано – және наноэлектрондық құралдарды жасаудың теоретикалық негіздері»

· «нано-және микроэлектроникада ақпаратты және автоматизацияны сандық өңдеуі»

· «Микро- және наноэлектроникада материалтану»

· «Молекулярлы электрониканың мәселелері»

· «Жартылайөткізгіш наноқұрылымдар: электрондық және оптикалық қасиеттері»

· «Сканерлі зондты микроскопия: атомарлы және нанометрлі масштабты өлшемдері және технологиялары»

· «Спинтрониканың магнитті наноқұрылымдары мен құралдары»

Конференцияға қатысамын деушілер 2014 жылдың 5 қарашасына дейін тезистер мен қатысушы анкетаны келесі мекен-жайға тапсыру қажет: физика-техникалық институт, 104 а каб, Габдрахманова Лилия Айратовнаға, e-mail: conf.phystech.bsu@mail.ru.

Анықтама үшін телефон: (347) 2-73-67-18.

Конференция еңбектерін басып шығару жоспарланған, дайындық жұмыстарының соңғы ережелері туралы конференцияда хабарланады, кейінірек http://www.bashedu.ru/, http://www.fizfaka.net сайттардан танысуға болады. Жинақ еңбектері үшін мақалалар 2014 жылдың 15 жлтоқсанына дейін конференция жұмысына қатысқан жағдайда ғана конференциядан кейін электрондық нұсқада қабылданады. Еңбектер жинағын дайындаудың алдын ала мәліметтері: мақала көлемі MS WORD 6 бетке дейін.

Ақпараттық хат