«Қазақстан және Орталық Азия халқының бейматериалдық мәдени мұрасын оқу мәселелері: топонимика, эпиграфика, өнер» халықаралық конференциясы

2014 жылдың 18-19 қарашасында Астана қаласында «Номадтардың тарих, археология, этнография, мәдениет пен өнерін оқу бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу» атты ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ұйымдастырып жатқан «Қазақстан және Орталық Азия халқының бейматериалдық мәдени мұрасын оқу мәселелері: топонимика, эпиграфика, өнер» халықаралық конференциясы өтеді.

Конференция бағдарламасы:

· Конференцияның ресми түрде ашылуы, пленарлы отырыс «Номадтардың мәдени мұрасының құраушы бөлігі ретінде Қазақстанның тарихи топонимикасы».

· №1 Секция – «Қазақстанның топонимикасы».

· №2 Секция – «Қазақстан және Орталық Азия көшпенділерінің эпиграфикасы және өнері».

· Дөңгелек үстел «Қазақстан және Орталық Азия халқының бейматериалдық мәдени мұрасын оқу мәселелері: топонимика, эпиграфика, өнер»

Конференция жұмысына қатысу үшін 2014ж. 31 қазанына дейін өтінішті (қосымшада) тапсыру қажет; 2014 ж. 10 қарашасына дейін ұйымдастырушылық комитетке жинақта жарияланатын материалдарды тапсыру қажет.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастырушылық комитетке электрондық түрде өтініштер мен мақалаларды kaz.madeniet@gmail.com мекен-жайына жіберу қажет.

Аннотация, әдебиеттер тізімімен қоса мақаланың көлемі – 6 бетке дейін.

Ұйымдастырушылық комитет тақырыпқа немесе рәсімдеу талаптарына сай емес мақалаларды қабылдамауға құқылы.

Ұйымдастырушылық комитеттің байланыс телефондары және электрондық мекен-жайы:

Сот.: +7 701 100 72 13.

Жұмыс.тел.: + 7 (7172) 442807.

Е-mail: kaz.madeniet@gmail.com – Досаев Ринат, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты.

Ақпараттық хат