«6D060700-Биология» мамандығы бойынша В.С. Киян философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысты қорғайды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Киян Владимир Сергеевич «6D060700- Биология» мамандығы бойынша «Эукариоттардағы TOR жүйесінің реттелуінің функционалды аспектілері» атты тақырыпта философия докторы (Ph.D) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысты қорғайды.

Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жалпы биология және геномика кафедрасында және Техас университетінің М.Д. Андерсон атындағы Онкологиялық орталығында орындалды.

Рецензенттер:

· Огай Вячеслав Борисович – биология ғылымдарының кандидат, (ҚР БҒМ Биотехнология Ұлттық орталығының Бағаналы клеткалар лабораториясының меңгерушісі, Астана қ.).

· Ақылжанова Айнұр Рахметоллақызы – медицина ғылымдарының докторы, PhD, (Назарбаев университеті, Өмір туралы ғылыми орталық, Астана қ.).

Ғылыми консультанттар:

· ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Берсімбай Рахметқажы Іскендірұлы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.).

· Ph.D докторы, профессор Сарбасов Дос (М.Д. Андерсон атындағы Онкологиялық орталық, Техас университеті, Техас, АҚШ).

«6D060700-Биология» мамандығы бойынша диссертациялық жұмысты қорғау Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Диссертациялық кеңесте 2014 жылдың 14 қарашасында өтеді. Мекен-жай: Астана қ., Мирзоян к. 2, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, бас ғимараты, 302 ауд. Диссертациялық кеңес мәжілісінің залы.

Сайт – www.enu.kz.

Е-mail: enu@enu.kz.

Аңдатпа (3 тілде)

Диссертация