«Қазақстан-2050» стратегиясы –жоғары оқу орындарында педагог кадрларды кәсіби даярлауды қалыптастыру концепциясының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 2014 жылдың 5-6 қараша күндері өтетін «Қазақстан-2050» стратегиясы –жоғары оқу орындарында педагог кадрларды кәсіби даярлауды қалыптастыру концепциясының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Аталған шара Алаш ардақтылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері Ж.Аймауытовтың 125 жылдығына, С.Қожанов пен Т.Рысқұловтың
120 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1-секция: Тіл мен әдебиетті оқу-әдістемелік және зияткерлік тұрғыдан оқыту мен тіл мәдениетін жетілдіру, терминологиялық қорды жаңарту жолдары.

2-секция: Заманауи білім беру талаптарына сай болашақ педагогтарды даярлаудағы кәсіби құзыреттілік: қазіргі жағдайы мен даму болашағы.

3-секция: Саясаттану, философия, психология, құқықтану ғылымдарының білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеудегі рөлі.

4-секция: Жаратылыстану пәндерін оқытудың инновациялық технологиялары.

5-секция: Кәсіби-шығармашылық, спорт салаларында педагог маман дайындаудың әдіснамалық негіздері.

Мақалалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Басылымның құны 3 000 теңгені құрайды.

Мақалаларды қабылдау мерзімі – 2014 жылдың 30 қазанына дейін.

Конференция аясында мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 120 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Мақала көлемі – 5 бетке дейін.

Барлық басылымдар авторлық редакцияда беріледі. Мақалалар қайтарылмайды.

Редколлегия талаптарға сай емес материалдарды қайтаруға құқылы.

Конференцияның ұйымдастыру комитетіне жауапты:

Арынгазиева Баян Бекмырзаевна – +7 701 3860248;

Сыдыков Мухтар Ерсинбекович – +7 702 7607050;

Койшиев Калдан Елеуович – +7 701 2283343;

Сугирбаева Гулжан Даулетбековна – +7 702 1111511;

Алипбек Ардак Зауирбековна – +7 777 3201080, +7 701 2641980.

Ақпараттық хат