Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының конференциялары

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры, Жас ғалымдар кеңесі «Қазіргі заманғы Қазақстандағы инновациондық даму мен ғылымның талап етілуі» атты Жас ғалымдардың сегізінші ғылыми конференциясын (21 қараша 2014 ж., Алматы қ.) және «Биология, медицина және фармация дамуының болашағы» атты Жас ғалым дар мен студенттердің екінші халықаралық ғылыми конференциясын (9-10 желтоқсан 2014 ж., Шымкент қ.) ұйымдастырады.

«Қазіргі заманғы Қазақстандағы инновациондық даму мен ғылымның талап етілуі» атты Жас ғалымдардың сегізінші ғылыми конференциясы барысында Қазақстан республикасы жас ғалымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды және өзара ынтымақтастықты нығайтуға көңіл бөлінеді.

Қазіргі заманғы зерттеулердің өзекті бағыттарын талқылау, сонымен қатар, олардың ары қарай дамуының жолдары жоспарлануда. Конференцияға қатысу үшін 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар және жастардың ғылыми қызметіне қызығушылықтары бар ұйымдар шақырылады.

Конференция секциялары:

· Физика-математикалық

· Жер туралы ғылым

· Химикалық-технологиялық

· Медициналық және биологиялық ғылымдар

· Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар

· Ауылшаруашылық ғылымдар

Конференцияның ресми тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Мәтіннің көлемі – А4 форматындағы 6 параққа дейін болуы қажет.

3 тілде қысқаша аннотация немесе түйіндеме болуы қажет.

Басылымға материалдарды 2014 жылдың 20 қазанына дейін жіберу керек.

Ұйымдастырушылық комитет мақалаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Материалдарды жариялау тегін.

Ұйымдастырушылық комитет мекен-жайы: Алматы қ., Махатма Ганди көшесі, 10. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры.

Тел.: +7 (727) 2700524 – Едигеева Роза Макашевна.

Ақпараттық хат

«Биология, медицина және фармация дамуының болашағы» атты Жас ғалым дар мен студенттердің екінші халықаралық ғылыми конференциясы (9-10 желтоқсан 2014 ж., Шымкент қ.) туралы ақпаратты http://www.ukgma.kz/ru/index.php?option=com_content&view=article&id=569:2014-09-01-10-47-46&catid=1:2010-02-23-10-12-25&Itemid=2 сайтынан білуге болады.