«Қалалардың тұрақты дамуы » семинары

Йорк Университеті, Британ Консулдығы, Л. Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті «Қалалардың тұрақты дамуы » семинарын ұйымдастырады.

Өту мерзімі: 26 қаңтар – 30 қаңтар, 2015ж.
Координаторлары: профессор Алистер Боксалл (Йорк Университеті), PhD докторы Райхан Бейсенова (Л. Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті).

Қазақстандық және британдық ұйымдардың жас зерттеушілерінен келесі тақырып бойынша өтінімдер қабылданады:

Тұрақты қалалар: халықтың тез дамуы (урбанизация) және Қазақстанда тұрақты даму – жаңа технологиялар мен зерттеу әдістерін қолдана отырып зерттеу, әлеуметтік және экологиялық мәселелердің шешімі болып табылады.

Семинар келесі бағдарламалардан тұрады:

Өзекті мәселелер;

Желілік сеанстар;

Кәсіби даму бойынша кеңес және ғылыми зерттеулерді қаржыландыру

Өндірістік мәселелер;

Мәдениетті іс-шаралар;

Сыртқы нысандарғы бару.

ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН ЕСКЕРТУЛЕР

Жылдам урбанизациялану мәселесінің шешімін табу үшін әр-түрлі бағыттағы зерттеушілерден өтінім қабылданады, олар:

Жаратылыстану ғылымдары;

Әлеуметтік ғылымдар;

Технологиялардың дамуы.

Зерттеуші-үміткерлер академиялық, қоғамдық, нормативтік және мемлекеттік емес ұйымдардан болуы мүмкін. Зерттеуші-үміткерлердің докторлық дәрежесі немесе эквивалентті ғылыми дәрежесі болуы тиіс, және ғылыми дәрежесін алғаннан кейін 10 жылдан кем емес жұмыс істеуі керек.

Жұмыс тілі ағылшын тілі болғандықтан, үміткерлер ағылшын тілін жетік білуі тиіс.

Өтінім беру мерзімі: 2014 жылдың 2-қарашасына дейін.

Ақпараттық хат (орыс.)

Ақпараттық хат (қаз.)

Қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы ақпарат (Ұлыбритания)

Қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы ақпарат (Қазақстан)