А.Ф. Әубәкіровтың 79 жылдығына арналған “Әубәкіровтің оқылымдары” атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының қылмыстық іс жүргізу кафедрасы заң ғылымдарының докторы, профессор Александр Фидахметович Әубәкіровтің 79 жылдығына арналған “Әубәкіровтің оқылымдары” атты конференцияға қатысуға шақырады. Конференция 2015 жылдың 19 ақпанында өткізіледі.

Конференция мақсаты – сот және құқық қорғау қызметіндегі қылмыстық іс жүргізудің өзгерістерін қайта реттеу негізінде сот сараптамасы мен криминалистика, қылмыстық процесстегі мәселелерді тәжірибелік және теориялық мәселелерін ғылыми түрде өңдеу болып табылады.

Конференция жұмыстарында келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:

1. Қылмыстарды ашу мен тергеудің қылмыстық-құқықтық мәселелері.

2. Тергеу мен сараптама қызметтері бойынша қылмыстық іс жүргізу мәселелерін реттеу.

3. Қылмыстық сот өндірісін жүргізудегі анрайы білімдерді пайдалану.

4. Криминалистиканың өзекті сұрақтары.

5. Қылмыстарды ашу мен тергеудің қалыптан тыс әдістері.

Мақалалар 2014 жылдың 1 желтоқсан айына дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Баяндаманы ресімдеудің талаптары:

Мақалалар мен баяндамалар (авторлармен қол қойылған) қағаз және электрондық түрде қабылданады (флеш карта, CD). Қағаздың форматы – А4. Әріп – Times New Roman, кегль-14. Аралық – 1,5. Шеттер – 2 см. Азат жол – 1,25. Мәтін ені түзуленген, беттер нөмірленбеген; колонтитулдар, суреттер және фотосуреттер қойылмайды. Мақаланың тақырыбы жолдың ортасында қара, жалпақ және бас әріппен басылады. Жоғарыда оң жағында автор туралы мәліметтер көрсетілуі қажет: тегі, аты, әкесінің аты, лауазым, әскери немесе арнайы атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы. Әдеби дереккөздерге сілтемелер ретімен төртбұрыш жақшада беріледі. Әдебиеттің тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Мақаланың электрондық нұсқасында автордың (авторлардың) тегі аталып, сақталынады.

Материалдарының дәлдігі бойынша автор (авторлар) жауап береді, осыған байланысты өңделген жұмыстар ұсынылуы қажет. Мазмұнына кесірі тимейтін өзгерістер мен қысқартуларды автормен келімпей енгізуге редактор құқылы. Редакция жұмыстарды бағалау мен қабылдамау бойынша құқылы. Жоғарыда аталған талаптарға сай емес материалдар қарасытырылмайды.

Электрондық материалдары “Әубәкіровтің оқылымдары-2015” деген жазумен төменде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына ұсыну қажет.

Мекен-жай: Алматы қ., Өтепов көшесі, 29 – ҚР ІІМ Алматы академиясы.

E-mail: police_magazine@mail.ru; janna100-73@mail.ru, anna_lir@mail.ru

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің телефоны: 8 727 337 80 86, хатшылық факсы – 337 80 88

Ақпараттық хат