Ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбековті еске алуға байланысты Республикалық ЖОО-ның 1-2-ші курс студенттері арасында физика пәні бойынша олимпиада

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 14 қараша күні жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө.Өмірбековті еске алуға байланысты Республикалық ЖОО-ның 1-2-ші курс студенттері арасында физика пәні бойынша олимпиада өткізіледі.

Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу 2014 жылдың 12 қарашасына дейін жүргізіледі. Олимпиадаға қатысу үшін ақпараттық хатта көрсетілген анкетаны толтыру қажет. Толтырылған анкетаны мына мекен-жайға жіберулеріңізге болады:

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы №71, физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасы 317 және 403 (Манатбаев Р.Қ.) бөлмелер немесе Rustem.Manatbayev@kaznu.kz электронды почтаға жіберулеріңізге болады. Қосымша ақпаратты осы мекен-жайдан алуға болады.

Олимпиадаға қатысушы өзімен бірге міндетті түрде студенттік билетін алып келуі керек. Жүлделі орын алғандарға ақшалай және құнды сыйлықтар табыс етіледі.

Байланыс телефондары: +77053003110

Ақпараттық хат