«Әл-Фарабидің теориялық-құқықтың мұралары: тарихи маңызы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс тәжірибесінде дамуы» студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар үшін II республикалық конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы мен «Прогресс үшін одақ» студенттік клубпен бірлесіп 2014 жылдың 21-22 қазанында сағ.: 10.00-де. «әл-Фарабидің теориялық-құқықтың мұралары: тарихи маңызы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс тәжірибесінде дамуы» студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар үшін II республикалық конференцияны өткізеді.

Конференцияның мақсаты: әл-Фарабидің теориялық-құқықтың мұралары, оның тарихи маңызын және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс практикасында оның дамуы мәселелерін кеңінен талқылау.

Конференцияға заң факультетінің, ҚазҰУ-нің және жоғары оқу орындарының өзге факультеті студенттерінің, магистранттарының, PhD докторлары мен жас ғалымдары қатысады деп жоспарлануда.

Конференцияға қатысу өтініштері 2014 ж. 19 қазанына дейін қабылданады, қатысушының толық Т.А.Ә., баяндама тақырыбы, ЖОО атауы, курс, ғылыми жетекші көрсетілуі қажет, 5-7 парақ көлемінде «Times New Roman» немесе «Times New Roman KZ» шрифтімен, компьютерде 14 кегль мәтіндік редактормен, бір тармақаралық интервалмен терілуі қажет.

Ақпараттық хат