Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті 2014 жылдың 12 желтоқсанында “«Қазақстан-2050» Президенттік Стратегиясы контекстіндегі жоғары оқу орнында оқытудың инновациондық технологиялары” республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты жоғары білім беруді реформалау жағдайындағы оқу үрдісін ұйымдастыру тәжірибемен өзара алмасу, білім беру сферасына инновациондық білім беру және ақпараттық-байланыс технологияларын ендіру мен тарату, Қазақстан жоғары оқу орындар арасындағы ғылыми-серіктес байланыстарды орнату.
Конференцияда келесі секциялардың жұмысы жоспарлануда:
1. Мемлекеттің қарқынды экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін мамандарды даярлау сапасын жоғарылату жолдары;
2. Білім беру сферасында инновациондық білім беру әдістерді ендіру анализы;
3. «Қазақстан-2050» Президенттік Стратегиясында көрсетілген міндеттерді орындауда жоғары оқу орынның ролі.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.
Қатысу талаптары:
Конференцияға қатысу үшін студенттер, магистранттар, докторанттар шақырылады.
Қатысамын деушілер 2014 жылдың 11 қарашасына дейін өтінішті (тіркеу карточканы) және 3-5 парақ көлеміндегі баяндаманы тапсыру қажет. Конференция қорытындысында конференция материалдарының жинағы жарияланады деп жоспарлануда. Ұйымдастырушылық комитетке мерзімнен кейін тапсырылған өтініштер қарасытырылмайды, баяндама материалдары жарияланбайды.
Ұйымдастырушылық жарна – 2 000 теңге.
Ұйымдастырушылық комитеттің мекен-жайы: 101400 Қарағанды обл., Теміртау қ., Республика даңғылы, 30. Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті. Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырушылық комитеттің хатшысы Леликова О.Н. тел.: +7 (7213) 916895, +7 777 4854167, факс: +7 (7213) 915626, 914266. Е-mail: kgiu@mail.ru.