«Сәулет, құрылыс және көлік: мәселелер және даму болашағы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2014 жылдың 12-13 желтоқсан айында Целиноград инженерлік-құрылыс институтының 50 жылдығына арналған «Сәулет, құрылыс және көлік: мәселелер және даму болашағы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша секциялардың жұмысы жоспарлануда:

· «Сәулет»;

· «Құрылыс»;

· «Көлік».

Мақалаларды рәсімдеу талаптары:

Мақалалардың құжаттарында атқарылған жұмыс нәтижелері мен мазмұны, сипаты туралы нақты түсінік берілуі қажет. Екі мақаладан аса бір адам автор немесе серіктес автор бола алмайды.

Мәтін Times New Roman шрифтімен Word 97-2003 мәтіндік редакторда терілуі тиіс, бір тармақаралық интервалмен кегль өлшемі №12, тармақтың ені бойынша түзетілген болуы қажет. Формулалар Microsoft Equation 3.0. редакторында терілуі тиіс. Кестелер, схемалар, суреттер нөмірленіп, атаулары болуы керек. Парақтың өлшемдері: барлық жолдар– 20 мм.

Мақала көлемі – 3-5 парақ.

Мәтін стилистикалық және техникалық жағынан редакциялануы керек.

Қатысу талаптары:

Конференцияға қатысамын деушілер 2014 ж. 15 қарашасына дейін conference_asf@enu.kz электрондық мекен-жайға келесі құжаттарды жіберу қажет:

· Конференцияға қатысу өтініш;

· Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін мақала мәтіні.

Қатысу үшін тіркеу жарнасы – 3 000 теңге.

Ұйымдастырушылық комитетке көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтініштер қарасытырлмайды және баяндамалардың құжаттары жарияланбайды.

Ұйымдастырушылық комитет конференцияға баяндамаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.

Жол, тұру, тамақ ішу төлем ақысы конференцияға қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушылық комитеттің мекен-жайы: 010008, Астана қаласы, Мирзоян, 2 көшесі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (ОҒ№3).

Тел.: +7 (7172) 709500 (ішкі.: 33316).

Ақпараттық хат