Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде НАТО өкілдерімен кездесу өтеді

2014 жылдың 8 қазанында Еуразия ұлттық университетінде «Орталық Азия серіктестерімен НАТО ынтымақтастығы және Уэльс Саммитінің нәтижелері» тақырыпта НАТО өкілдерімен кездесу өтеді.

Өту уақыты: сағат 11.30-дан 13.00-ге дейін

Өту орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-әкімшілік (бас) ғимараты 259 ауд.

Анықтама. Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы (НАТО) 1949 жылы құрылды. НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мемлекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негізінде тәуелсіздікті, егемендікті және демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау. Альянстың іргелі мақсаттарының қатарында соғыстың алдын алу мен тиімді қорғанысты қамтамасыз етуге жеткілікті әскери мүмкіндіктерді нығайту, шарт мүшелерінің қауіпсіздігіне ықпал ететін дағдарыстарды еңсеру, басқа елдермен саяси үнқатысуды жолға қою және еуропалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жолдарын іздестіру.

Ұйымның мүшелері: Албания, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Исландия, Испания, Италия, Канада, Латвия, Литва, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, АҚШ, Түркия, Франция, Чехия Республика, Хорватия, Эстония.

НАТО-ң ресми тілдері – ағылшын және француз.

НАТО кеңесінің штаб-пәтері Брюссельде (Бельгия) орналасқан.

1994 жылдан бастап Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Қазақстаннан басқа бұл бағдарламаға келесі мемлекеттер де қатысады: Аустрия, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Босния және Герцеговина, Грузия, Ирландия, Қырғызстан, Македония, Мальта, Молдова, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Черногория, Швейцария, Швеция.