«Ресейде және әлемдегі экономика, ұйымдастыру және басқару мәселелері» атты VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«Ресейде және әлемдегі экономика, ұйымдастыру және басқару мәселелері » атты VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Прага қаласында (Чехия республикасы) 2014 жылдың 22 қазанында өткізіледі.

Конференцияны өткізу мақсаты – экономика, ұйымдастыру және басқару зерттеулерінің ғылыми нәтижелерін талқылау, сонымен қатар, оларды ғылымда және тәжірибеде қолданудың тәжірибелік ұсыныстарын талқылау.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Экономикалық теорияның өзекті мәселелері.

2. Экономика және басқару мәселелері:

· түрлі деңгейдегі экономикалық жүйелердің дамуы мен қызмет ету мәселелері;

· экономика мен басқарудағы инновациялар. Инновациялар мен инновациялық қызметті басқару;

· аймақтық экономика және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару;

· еңбек экономикасы және қызметкерлерді басқару;

· маркетинг және логистика;

· халық экономикасы және демография;

· менеджмент;

· мемлекеттік және муниципалды басқару;

· экономикалық қауіпсіздік;

· туризм және рекреация.

3. Қаржы, ақша айналымы мен несиенің қазіргі заманғы мәселелері.

4. Есеп-аналитикалық қамтамасыз етудің және қазіргі заманғы ұйымдардың қызмет аудитының дамуы.

5. Экономика-математикалық әдістерді және құралдарды қолдану негізінде экономикалық үрдістер мен жүйелерді талдау.

6. Әлемдік экономиканың даму мәселелері мен қазіргі заманғы тенденциялары.

7. Өндірісті ұйымдастыру.

Конференция нәтижелері бойынша WORLD PRESS s.r.o. прагалық баспада мақалалар жинағы жарияланады. Жинақ чехиялық ISBN иеленеді. Жинақ РИНЦ мәліметтер базасында болады.

Конференцияның жұмыс тілдері – орыс және ағылшын.

Қатысуға өтініштер, мақалалар және төлем 2014 жылдың 22 қазанға (қоса алғанда) дейін жүзеге асырылады.

Ақпараттық хат