Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Исмаилова Айсулу Абжаппаровнаның 6D070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша «Су экожүйелерін зерттеудің ақпаратты-аналитикалық жүйесі (Қазақстан көлдері мысалында)» тақырыбында дайындалған диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орындалған. Қорғау орыс тілінде.
Рецензенттер:
Рахметуллина Сауле Жадыгеровна – техника ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті;
Заурбеков Нургали Сабырович – техника ғылымдарының докторы, Алматы технолоиялық университеті.
Ғылыми кеңесшілер:
Адамов Абилмажин Алирахымович – техника ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорының міндетін атқарушы;
Абакумов Александр Иванович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Владивосток, Ресей Федерациясы.
Қорғау 2014 жылдың 08 қарашада сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді.
Мекен жайы: Астана қ., Пушкин көшесі, 11, корпус №2, конференц-зал №216.