«Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

10 қазанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қытайтанушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, белгілі ақын, аудармашы Дүкен Мәсімханұлының 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция барысында «Тарихшылардың ұлттық конгресі кітапханасы» сериясы бойынша «Фолиант» баспасынан жарық көрген профессор Д. Мәсімханұлының «Қытай туралы қырық сөз» атты зерттеу кітабының тұсаукесер рәсімі болады.

Конференцияға парламент депутаттары, Астана қаласында тұратын зиялы қауым өкілдері, Ресей, Қытай елдерінен белгілі қытайтанушы ғылымдар қатысады деп күтілуде.

Конференция барысында төмендегідей мәселелер қамтылады:

1. Қазақ және қытай халықтары қарым-қатынасының тарихы;

2. Қазақстандағы қытайтанудың тарихы мен даму беталысы;

3. Жаңа кезеңдегі Қазақстан мен ҚХР қарым-қатынасы;

4. Қытай тілі мен әдебиетін зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері;

5. Қытай тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелері.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 2, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ.

Өту орны: Оқу-әкімшілік (бас) ғимаратындағы конференц-залы, 208 ауд.

Байланыс телефоны: 8(7172) 709-500 (ішкі 32-230), +7 777 882 30 16.