«Парасатты жас ғалым» байқауы

«Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг «Парасат» АҚ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мемлекеттік мерекесі шеңберінде «Парасатты жас ғалым» байқауын келесі бағыттар бойынша өткізетіндігі туралы хабарлайды:

– минералды ресурстарды толтыру, игеру, терең өңдеу және жаңа материалдарды алу;

– сейсмология;

– су ресурстары;

– энергетика;

– фармацевтика;

– металлургия;

– ақпараттық-коммуникациондық технологиялар.

Байқауға қатысу үшін өтінішті қарастырған күні 35 жастан аспайтын (қоса алғанда) студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар үшін өткізіледі. Байқауға қатысушы өз атынан бір жобаны көрсете алады. Байқаудың мақсаты Қазақстанның студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар арасында зерттеу және инновациялық қызметті көпшілікке тарату мен ынталандыру, сонымен қатар, келешекке арналған зерттеулер үшін ұйымдастырушылық жағдайларды жасау, дарынды ғылыми жастарды анықтау және қолдау.

Байқаудың негізгі міндеттері:

· жас ғалымдардың мотивациялық алдыңғы қатарлы тетіктерін құру мен ендіру;

· жұмыстарды тудыруға бағытталған үрдістердің дамуын ынталандыру;

· инновацтялық жобаларды ұйымдастырушылық және қаржылық қолдау жолымен ғылыми-техникалық және инновациялық қызметте жастардың жаппай қатысуын ынталандыру;

· кәсіптік дағдылардың шеңберін кеңейту және осындай байқауларда қатысу мен өткізу бойынша тәжірибеге ие болу.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар сыйлықтар/жүлделермен марапатталады.

Өтініштерді қабылдау мерзімі 2014 жылдың 14 қарашасы сағат 11.00-ге дейін. Әр жоба бойынша өтініштер белгіленген формаға сәйкес қағаз түрінде мына мекен жайға тапсырылады: Астана қ., Республика даңғылы, 24 және мына электрондық поштаға қайталанып қоса жіберіледі: sayat@parasat.com.kz.

Толықтай ақпаратты алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: +7 (7172) 333412.

Байқау туралы ереже