«Астаналық Хакатон 2014»

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана Innovations» АҚ «Астаналық Хакатон 2014» шарасына қатысуға шақырады, бұл шара 2014 жылдың 11 қазанда сағат 14.00-де Коворкинг Multi space-те өтеді, мекен жайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік, 34 көшесі, СОО «Astana Mall», 3 қабат.

Жобаның негізгі міндеті талантты жастарды, студенттер мен мамандарды іздеу, оларға IT-сферада бизнес-идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

Хакатон (ағылш. hackathon, hack (хакер) және marathon—марафон) –

идея авторларына бағдарламашылар, дизайнерлер және тағы да басқа мамандар командасын жинап, қысқа мерзімде жобаны жасау бойынша мүмкіндігінше көп міндеттерді жасау, нәтижесінде жұмыс істейтін прототипті немесе дайын, осыған қоса мобильді қосымшаны алуға мүмкіндік беретін бейресми шара. Хакатон – бұл бағдарламалау мен ақпараттық технологиялармен қызығатындарға арналған жаңа алаң, бұл қызық және болашағы зор жобалармен танысу және оларды жүзеге асыру жолдарын іздеу. Бұл шара Астана қаласының инновациялық белсенділігін жоғарылатуға бағытталған, бастаушы және тәжірибелі бағдарламалаушылар, дизайнерлер, жобалаушылар, IT-маркетологтардың қоғамдастығын құру және шағын бизнесті қолдаудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай хакатондарды өткізген кезде көбінесе командалық байланыстар пайда болады, ал кейбір жобалардың идеялары сәтті стартаптардың формасын алады. www.hackathon2014.kz ресми сайтта қатысушыларға тіркеу ашылды. Шараға алыс және жақын шетел мемлекеттерінен халықаралық жетекшілер қатысады деп жоспарлануда. Хакерлік марафон 2 күн өтеді: 11 мен 12 қазан, шара барысында қатысушылар өздерінің идеялары мен жобаларын қысқаша баяндап, командаларды құру керек, содан кейін марафонға кіріседі. Тіл мен технология өз бетімен таңдалады. Марафонның аяқталысымен қатысушылар дайын жобаларын барлық келгендерге өз бетімен немесе командасымен көрсетуі керек. Қарқынды марафонның сынағынан өткен барлық командалар, демофестте (жобалардың соңғы көрсетілуі) соңғы тексерістен өтеді, бұл 12 қазанда болады деп жоспарлануда. Жобаларды бағалау кезінде инновациондылық, жобаның коммерциялық тартымдылығы, техникалық шешімнің деңгейі мен дизайны сияқты критерийлер бағаланады. Барлық жобаларды көрсетіп болғаннан кейін шараның қорытынды бөлімінде әділ қазылар алқасы бірінші үш жүлделі орындардың жеңімпаздарын хабарлайды және ақшалай жүлдені табыстайды. Жалпы жүлделі қор – 1 000 000 теңге.

Бұл шараның серіктестері мен демеушілері: Samsung, Soft Partner, «Болашақ» ХБО, Trio Company, The one capital.

Байланыс телефондары:

Алкеев Ильяс, моб.: +7 708 321 45 69,

Уткелбаев Саттар, тел.: +7 7172 57 89 74,

Саурова Жанна, тел.: +7 7172 57 89 82,

Муканова Зауре, тел.: + 7 7172 57 89 93.