«Түркі дүниесі: рухани мұра және бүгінгі мәдениет» атты халықаралық симпозиум

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы мен Еге университетінің Түркі әлемін зерттеу институты (Түркия, Измир) бірлесе отырып 2014 жылдың 30 қазанында «Түркі дүниесі: рухани мұра және бүгінгі мәдениет» атты симпозиум өткізеді.

Симпозиум жұмысы төмендегідей бағыттарда жүргізіледі:

1. Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті

2. Түркі халықтары фольклоры, әдебиеті, өнері

3. Түркі тілдері: өткені және бүгіні

Симпозиумға қатысу үшін баяндамаларды 2014 жылдың 20 қазанына дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: 010000 Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 11, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 330 кабинет, қазақ әдебиеті кафедрасы. Электрондық пошта: kafedra_kzli@ enu.kz

Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні 5-7 беттен көп емес, А4 форматымен, Times New Roman шрифтімен, 14 көлемінде, 1 интервал аралығында, барлық жағынан 20 мм қашықтықпен жазылуы тиіс. Мақаланың аты ортада бас әріппен жазылады. Оның астында екі аралықтан соң бас әріппен автор(лар)дың аты-жөні және тегі, жіберуші ұйымның (ЖОО) аталымы, ел (мемлекет) аты оң жаққа курсивпен беріледі.

Келесі жолға мақала мәтіні жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі. Сызбалар, суреттер және бейнелер жеке файл түрінде ұсынылады.

Тақырыпқа сәйкес келмейтін, сондай-ақ, талапқа сай емес баяндамалар жинақта жарияланбайды.

Байланыс телефондары: 8(7172) 70-95-00 (факс), (ішкі телефон: 32-313, 32-319).

Симпозиумға қатысушылардың жол қаражаты жіберуші ұйымның есебінен төленеді.

Симпозиум материалдары қазақ, орыс, ағылшын, түркі тілдерінде қабылданады. Симпозиумның ұйымдастыру жарнасы – 3000 теңге.

Ақпараттық хат