«Біз – болашақтың қуатымыз» атты жастар арасындағы инновациялық және серпінді жобалардың республикалық байқауы

«Темір-бүркіт» Жастар Қоғамдық бірлестігі Сіздерді 2014 жылдың 21-22 қазан күндері Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтетін «Біз – болашақтың қуатымыз» атты жастар арасындағы инновациялық және серпінді жобалардың республикалық байқауына қатысуға шақырады.

Байқау жұмысының негізгі бағыттары:

– робот жасау техникасы;

– мұнай және газ салалары;

– байланыс саласы және IT технологиялары;

– энергия үнемдеу технологиялары.

Сайыс мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сайыс материалдары тікелей көшірме жасалған ғылыми жинақ түрінде басылып шығарылады.

Іссапар шығындары қатысушының өз есебінен немесе жолдаған мекеменің есебінен жүргізіледі. Байқауға қатысушылардың жасы 29-ға толмауы тиіс.

Байқауға қатысу құжаттарын 2014 жылдың 10 қазанына дейін жіберулеріңіз қажет.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Фрунзе 20/1, Жоғары техникалық мектебі, тел: 8 (7112) 50-34-20.

Ақпараттық хат