29 қыркүйекте «Адам құқықтары – қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

2014 жылдың 29 қыркүйегінде Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетімен бірлесіп «Адам құқықтары – қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелде адам құқықтарының қоғамды және мемлекетті дамытудағы рөлі туралы, Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның өзінің құрылғаннан бері 20 жыл ішіндегі атқарып келген және алдағы атқаратын жұмыстарына шолу, сондай-ақ, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері туралы мәселелер талқыланады.

Өтетін уақыты: сағат 14:30 – 17:00

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-әкімшілік ғимаратының 259 ауд.