«Инновация және білім беру технологиялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2014 жылдың 12 қарашасында Сырдария университетінде «Инновация және білім беру технологиялары» тақырыбында сырттай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

· гуманитарлық ғылымдар;

· жаратылыстану ғылымдары;

· педагогикалық ғылымдар;

· экономикалық ғылымдар;

· құқықтану.

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары (2 данадан) және ұйымдастыру жарнасы (2500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі (банк деректемелері төменде көрсетілген) электрондық поштамен немесе төмендегі мекенжайда 2014 жылдың 2 қарашасына дейін қабылданады. Баяндама қазақ, орыс, ағылшын тілінде қабылданады және авторлардың саны 3 адамнан аспауы тиіс.

Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми-зерттеу нәтижелері бар жоғары оқу орындары оқытушы-профессорлар құрамы мен ҒЗИ-тарының қызыметкерлері шақырылады.

Анықтама телефоны: 8/725/ 34 6-15-52

Е- mail: Sirdariya-konf@mail.ru

Ақпараттық хат