І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2014 жылдың 24-25 қазан аралығында «Ғылым, білім және инновация – «Қазақстан – 2050» стратегиясының орындалуының маңызды факторлары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференция мақсаты – білім мен ғылымның даму стратегиясын әлемдік одақтардың және жаңа ғаламдық өзгерістердің шартында талқылау.
Конференция аясында төмендегі шараларды өткізу жоспарланып отыр:
Пленарлық мәжіліс «Ғылым, білім және инновация – «Қазақстан – 2050» стратегиясының маңызды факторлары»
Секциялар:
1. Қазақстан Республикасындағы қазіргі заңнамалардың өзекті мәселелері: теориясы және практикасы.
2. Гуманитарлық ғылымдар: өзекті мәселелері, даму үрдісі, заманауи аспектілері.
3. Мектепке дейінгі, бастауыш және жалпы орта білім берудің өзекті мәселелері
4. Қазақстан жолы – 2050: ғылыми қамтымды экономика.
5. Заманауи жаратылыстану ғылымы: қазіргі күйін талдау және даму перспективалары.
6. Оқу үрдісіндегі жаңа инновациялық технологиялар.
7. Мәдениет және өнер: теория мен тәжірибенің өзекті мәселелері.
Шақырылған қатысушылар:
· ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері;
· ҚР, ТМД және шет ел жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдары, магистранттары мен докторанттары
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Баяндама мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі 2014 жылдың 14 қазанына дейін.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференцияға дейін басып шығаруды жоспарлап отыр.
Толық ақпаратты http://zhgu.edu.kz/ сайтынан біле аласыздар.