«Ұлттық тарихты зерттеу мен оқытудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2014 жылы 22 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Тарих факультетінің ұйымдастыруымен «Ұлттық тарихты зерттеу мен оқытудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Конференцияның мақсаты:

Конференция барысында Қазақстан тарихындағы кеңестік дәуірдегі қуғын-сүргін тарихы, оның тарихнамасы мен деректік негізі, сонымен бірге қазіргі таңдағы еліміздің білім беру жүйесіндегі аталған мәселелерді оқытудың өзекті тұстары қарастырылады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Кеңестік Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихы: әдіснамалық, деректанулық және тарихнамалық мәселелері

2. Қазақстан тарихының бүгінгі зерттелуі мен оқытылуы: жаңалығы мен насихатталуы

3. Ұлт тарихын зерттеу: іргелі мәселелері мен басымдықтары

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Баяндама (мақала) мәтіні 4 парақтан кем болмауы және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы тиіс.

Конференция бағдарламасына ену үшін ұйымдастыру комитетіне қатысушының тіркеу формасын және баяндаманың электронды түрін өткізу мерзімі 2014 жылғы қазанның 25-іне дейін.

Конференция материалдарын ғылыми жинақ түрінде алдын-ала баспадан шығару жоспарлануда.

Материалдарды мына мекен-жайға жіберіңіздер:

Телефондар: 87172 709 500 (34-302), (34-320), (34-312), 87055415137, 87013007440

E-maіІ: kafedra.2013@yandex.kz, seitkazina_ko@enu.kz, kafedra_ist_kaz@enu.kz, mr.metsurov@mail.ru, umirbai_bg@mail.ru.

Ақпараттық хат