Философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін ізденуші С.Б. Байбосынов «Еуразиялық интеграция жағдайында өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамыту» атты тақырыпта диссертациялық жұмысын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін ізденуші С.Б. Байбосынов «Еуразиялық интеграция жағдайында өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамыту» атты тақырыпта диссертациялық жұмысын қорғайды.

Диссертациялық жұмыс Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасында орындалған.

Ресми рецензенттер:

1. Андарова Роза Қабыкенқызы – 08.00.05 мамандығы бойынша экономика ғылымдарының докторы, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Экономика және халықаралық бизнес» кафедрасының профессоры.

2. Әмірбекұлы Ержан – 08.00.05 мамандығы бойынша экономика ғылымдарының докторы, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, профессор.

Ғылыми кеңесшілері:

1. Аймағанбетов Ерқара Балқараұлы – экономика ғылымдарының докторы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры, профессор.

2. Мануэль Фернандез-Грела – PhD докторы, Сантьяго де Компостела университетінің профессоры (Сантьяго қаласы, Испания).

Қорғау 2014 жылдың 25 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Экономика» ғылыми бағыты бойынша диссертациялық кеңесте сағ. 10.00-де, Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 2, Бас ғимарат, № 302 ауд. (диссертациялық зал) өтеді.

Сайт: www.enu.kz

Аннотация

Диссертация (pdf)