««Қазақстан – 2050» индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың аймақтық мүмкіндіктері» тақырыбында халықаралық ХІV Байқоңыров оқулары

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 2014 жылғы 21 қарашада ««Қазақстан – 2050» индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың аймақтық мүмкіндіктері» тақырыбында халықаралық ХІV Байқоңыров оқуларын өткізеді.

Конференцияның жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жоспарланады:

1. Академик Ө.А.Байқоңыровтың мәдени мұрасы және Жезқазған-Ұлытау аймағының тау-кен өндірісінің дамуына қосқан үлесі.

2. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістері.

3. Қоғамның инновациялық дамуының экономикалық басқарудағы мәселелері.

Конференцияның жұмысы пленарлық және секциялық мәжілістерде кеңінен пікірлер, ғылыми және өндірістік тәжірибелер алмасуды көздейді.

Конференция материалдары арнайы ғылыми жинақта жарияланады.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Конференцияға келуге және қатысуға байланысты шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

2014 жылдың 18 қазанына дейін баяндаманың бір данасын электронды нұсқасымен және тіркеу үлгісін ұйымдастыру комитетінің мекен жайына жіберулеріңізді сұраймыз.

Мақалаларды мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: 100600, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1-б, Жезқазған университеті, конференцияның ұйымдастыру комитеті, ауд. 305а. Ғылым және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім бөлімі.

Анықтама телефоны:

8-(710-2) -73-48-44 Факс: 8-(710-2) -73-60-15

Е-mail: nauka.zhezu@mail.ru

Ақпараттық хат