«Ұлытау – ұлы мекенім» атты республикалық ғылыми конференция

2014 жылдың 24 қыркүйегінде «Ұлытау – ұлы мекенім» атты республикалық ғылыми конференция өтеді.

Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:

· Ұлытау және қазақ халқының тарихы

· Халық аузындағы Ұлытау өңірі (фольклор, поэзия, өнер)

· Қазақ мемлекеттілігінің тарихы

· Заманауи жағдайдағы Мемлекет пен қоғам

· Қазақстанның мәдени және экологиялық географиясы

· Қазақстандағы этникалық, мәдени және экологиялық туризм

· Қазақстан Мұражайлары және олардың заманауи мәдениеттегі орны

Конференцияға қатысуға ғалымдар, жоғары оқу орындары мен орта арнайы оқу орындарының педагогтары, магистранттар мен докторанттар, сонымен қатар, ғылым ордалары мен мұражай қызметкерлері шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын және орыс тілдері.

Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 20 қыркүйекке дейін Ұйымдастыру комитетіне өтініш жіберу қажет. Өтініште баяндаманың тақырыбы, қатысушының толық ТАӘ, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары, электронды пошта мекен-жайлары көрсетілуі тиіс. Студенттер, магистранттар және докторанттар ғылыми жетекшілерінің/кеңесшілерінің толық ТАӘ, атағы, ғылыми дәрежесі, қызметі туралы мәлімет беруі тиіс.

Конференцияның қорытындысы бойынша жинақ шығарылады.

Баяндама мәтіні мен конференцияға қатысу өтініші электронды нұсқада мына мекен-жайда қабылданады: e-mail: adilkhan.shorabek@inbox.ru. Толық мәтінді қабылдау мерзімі – 2014 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.

Байланыс телефоны: 8(7172) 74 03 40

Ақпараттық хат