«Аңсар-2014» республикалық әдеби байқауы

Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің қолдауымен «KazFond» Қоғамдық жастар қоры республикалық «Аңсар – 2014» әдеби байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты – қазіргі қазақ және қазақстандық әдебиетті, журналистиканы насихаттау, жас қаламгерлер, ақындар мен журналистерді қолдау және дамыту мақсатында өткізіледі.

Байқауға қатысу үшін жасы 14-29 жас аралығындағы журналистика, поэзиямен шұғылданатын және прозалық шығармалар жазатын жастар шақырылады.

Байқауға қатысу үшін шығармашылық жұмыстар 2014 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде мына мекен-жайға: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 44 үй, 6 кеңсе немесе kazfond@bk.ru электрондық поштасына тапсыруы қажет.

Байқау номинациялары:

– «2014 жылғы ең үздік жас қаламгер»

– «2014 жылғы ең үздік ақын»

– «2014 жылғы ең үздік журналист»

Байқауға қатысушыларды бағалау қағидалары:

– Басылымдардың өзектілігі мен қоғамдық маңыздылығы;

– Автордың тілдік мәдениеті, материалды мазмұндау түсініктілігі;

– Ақпаратты кәсіби тұрғыда бере білу;

– Фактографиялық дәлдік пен нақтылық;

– Ұсынылған ақпараттың толықтығы.

Өтінімдерді қабылдау 2014 жылғы 15 қыркүйек, сағат 18:00-ге дейін жүзеге асады. Байқау қорытындысы 2014 жылғы 25 қыркүйекте шығарылады. Жеңімпаздарды марапаттау 2014 жылғы 13 қарашада өткізіледі.

«Аңсар – 2014» республикалық әдеби байқауы туралы Ереже