«Қазақстанның жоғарғы мектебі» ақпараттық-талдамалы журналда мақалаларын жариялағысы келетіндердің назарына!

ҚР БҒМ Болон үдерісі мен академиялық ұтқырлық орталығы «Қазақстанның жоғарғы мектебі. Высшая школа Казахстана» ақпараттық-талдамалы журналының үшінші нөмірін шығармақ. Журналдың нөмірі білім мен ғылым саласының басымдықтарына арналады:

· Жоғары білім беру сапасы мен қолжетімдігі;

· ЖОО түлектерінің жұмыспен қамтылуы;

· Жоғары білім беруді интернационалданыдру;

· Инженерлік білім беруді дамыту жүйесі;

· Пайымды стратегия – ЖОО-ны дамытудың негізі;

· Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы үшін мамандарды даярлау;

· Ғылым мен бизнесті қауымдастыру;

· Білім беру саласында әлеуметтік жауапкершілікті дамыту;

· Жаңа үлгідегі педагогикалық мамандарды даярлау.

Материалды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсыну қажет. Мақаланың көлемі 5 беттен 10 бетке дейін. Әрбір мақала автордың өз суретімен қоса беріледі. Авторлық материал қайтарылмайды. Мақаланың мазмұнына авторлардың өздері жауапты.

Дайын материалдарды (PDF, WORD нұсқасында) 2014 жылдың 12 қыркүйегіне дейін электрондық мекен-жайға жіберулеріңізге болады:

k.beisekina@n-k.kz.