Өтінімдерді даярлау мен конкурстық құжаттамаларды түсіндіру бойынша шеберлік сабағы

 «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ары қарай Орталық) 2014 жылдың 27 тамызында сағат 10:00-де Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында (208 ауд., ОӘҒ, конференц залы) өтетін дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Орталық тарапынан ұйымдастырылуда.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – гранттық қаржыландыру аясында әзірленетін ғылыми-техникалық жобалардың сапасын арттыру, нормативтік-құқықтық актілерді және 2015-2014 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға өтінімдерді дайындау бойынша конкурстық құжаттаманы түсіндіру.

Қатысамын деушілердің назарына! Іс-шараға қатысу үшін ағымдағы жылдың 26 тамызына дейін Орталықтың ресми сайтындағы www.ncste.kz тіркелу формасын толтыра отырып, онлайн-тіркеуден өтуі тиіс. Орындар саны шектеулі, тіркелу көрсетілген мерзімнен бұрын жабылуы ықтимал.

Дөңгелек үстелге қатысу тегін. Барлық шығындар жіберілетін тараптан жүзеге асырылады.

Шақыру