2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша конкурс өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыру көлемі 19 млрд. құрайтын 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша конкурстың өтетіндігін хабарлайды.

Конкурс іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағыттары бойынша, сонымен қатар үдемелі индустриалды-инновациялық даму басымдықтары бойынша, ұлттық компаниялардың немесе нақты сектордың, немесе өтінім беруші, не қатысу үлесі 25% болтын бизнес-серіктестің қаражатын, сондай-ақ шетел ғалымдарын, сонымен қатар қос жетекші ретінде тарту арқылы өткізіледі.

2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінім формасына талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің сайтында http://sc.edu.gov.kz/ орналасқан.

Өтінімдерді соңғы қабылдау мерзімі байқау жариялағаннан бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде (байқау 2014 жылдың 1 тамызында) басталады.

Байқау құжаттары мен кеңестер жөнінде барлық сұрақтар бойынша Ғылым мен инновациялар департаментінің ғылыми-техникалық бағдарламалар бөімінен біле аласыздар: +7 (7172) 70-95-46, 70-95-00, ішкі: 31-219, 31-224, 31-293, 31-375.

Байқау құжаттамасы

2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінім формасына талаптар