«Медицинаның жаңа міндеттері мен оны шешеу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2014 жылдың 1 қыркүйегінде «Медицинаның жаңа міндеттері мен оны шешеу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-пркатикалық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты: қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешуді іздестіру мен ғалымдар, оқытушылар, стуленттер, аспиранттар, докторанттар мен ниет танытқан адамдар арасында ғылыми теоретикалық және практикалық білімді кеңейту.

Өтетін түрі: сырттай

Тілдері: орыс, ағылшын

Конференция соңында конференция мақалаларының жинағы жарық көреді. Жинаққа сәйкес кітапханалық ӘОЖ, КБЖ және стандартты кітап нөмірі (ISBN) сынды көрсеткіштер беріледі. Мақалалар жиынтығы Ресейлік ғылыми дәйексөз алу көрсеткішіне (РИНЦ) тіркелетін болады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Клиникалық медицина.

2. Профилактикалық медицина.

3. Медициналық-биологиялық ғылымдар.

4. Фармацевтикалық ғылымдар.

5. Психиатрия.

6. Акушерлік және гинекология. Педиатрия.

7. Балалардың дене және психикалық денсаулығы.

8. Іргелі медициналық-биологиялық зерттеулер.

9. Медициналық сақтандыру проблемалары.

10. Медициналық білім беру, ғылым мен практика саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Сонымен қатар конференция тақырыбына сәйкес келетін басқа да бағыттар бойынша материалдар қабылданады.

Конференцияға қатысу шарттары:

1. Талаптарға сәйкес мақала мен сауалнаманы дайындау.

2. мақала мен сауалнаманы мақұлдау үшін жіберіп, содан кейін төлеп немесе қажет материалдарды түбіртекпен қоса барлығын жіберу.

3. Конференцияға қатысу үшін төлеу. Мақаланы жариялау ұйымдастыру жарнасын тқлегеннен соң ғана жүзеге асырылатын болады.

4. Қажет болған жағдайда мақаланы жариялауға қабылдағаны жөнінде анықтама беріледі.

2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда) келесі материалдарды мына мекен-жайға nauka@aeterna-ufa.ru жіберу қажет:

а) талаптар мен үлгіле сәйкес ресімделген мақала;

б) үлгі бойынша ресімделген әр авторға берілетін сауалнама;

в) сканерленген (фотоға түсірілген) түбіртек.

Назар аударыңыз!

Мақала көлемі – машинамен басылған мәтінмен есептегенде 4 беттен басталады.

Бір автордан бірнеше (саны шексіз) мақала жіберуге болады.

Мақалада 3 автордан артық болмауы тиіс.

Ақпараттық хат