Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жалпы қаржы көлемі 19 млрд.теңге 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға конкурс өтетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

– ғылымды дамыту басымдықтары бойынша іргелі ғылыми зерттеулер;

– үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту басымдықтары бойынша қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерді дамыту;

– ұлттық компаниялар немесе нақты сектор қаражаттарын, оның ішінде өтінім беруші қатысу үлесі 25% болатын бизнес-әріптесті тарту арқылы қолданбалы ғылыми зерттеулер;

– шетелдік ғалымдарды тарту арқылы қолданбалы ғылыми зерттеулер (оның ішінде жобаның қос жетекшісі ретінде).

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ Ғылым комитеті www.sc.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.

Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі хабарландыру берілген күннен бастап (конкурс 2014 жылғы 1 тамызда жарияланған) күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде қабылданады.

Конкурстық құжаттама түсініктемесі және өтінім даярлау мәселелері бойынша Ғылым және инновация департаментінің Ғылыми-техникалық бағдарламалар бөліміне мына телефондар арқылы байланысуға болады: +7 (7172) 70-95-46, 70-95-00, ішкі 31-219, 31-224, 31-293, 31-375.