«Қырғызстанның құрылыстық білім беру және ғылым: интеграция, инновация және әріптестіктің болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ғылым, инновация мен білім беру міндеттері, ынтымақтастық пен әріптестерді күшейту ықпалдастығын дамытуды қамтиды. Конференция КСРО-ның атақты ЖОО-Фрунзе политехникалық институттың 60 жылдығына арналып отыр. Қырғызстан Республикасының жетекші бейінді ЖОО-сы ретінде Н.Исанов атындағы ҚМКТАУ (Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті) инженерлік білім беру мен ғылымның заманауи міндеттерін жүзеге асыру дәстүрін жалғастырып келеді.

Конференуияға келесі секциялар бойынша баяндамалар (мақалалар) қабылданады:

Секция 1. ФПИ-ҚСҚИ- ҚМКТАУ: инженерлік-құрылыс білім беруді қалыптастыру мен дамыту

Секция 2. Жоғары кәсіби білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Секция 3. Құрылыс материалдары мен бұйымдары, технологиялар: ғылым мен инновация.

Секция 4. Құрылыстағы кешенді қауіпсіздің: сейсмикалық берік салынған құрылыс, экологиялылық және ресурсты үнемдеу.

Секция 5. Сәулет, қала құрылысы мен дизайндағы жоғары білім мен ғылым.

Секция 6. Құрылыс машиналары мен көліктік коммуникациялар: проблемалар, инновациялар мен болашағы.

Секция 7. Ғимараттың энергиялық тиімділігі, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.

Секция 8. Құрылыс процестері мен жылжымайтын мүлік: сараптама, бағалау мен басқару.

Секция 9. Құрылыс, сәулет және көліктегі ақпараттық технологиялар.

Секция 10. Құрылыс саласындағы экономика, қаржы және менеджмент.

Секция 11. Мамандарды даярлаудағы гуманитарлық, жаратылыстану мен кәсіби пәндердің рөлі мен міндеттері.

Баяндама (мақала) көлемі 5-7 бет. 2014 жылдың 10 тамызына дейін жіберілуі тиіс. Докторлық және кандидаттық диссертация зерттеулерінің нәтижесін жариялайтын ҚР ЖАК ұсынған «ҚМКТАУ Хабаршысы» ғылыми журналында орналастырылатын болады.

Сіздерді конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Өтінімдер мен баяндамаларды (мақалалар) электрондық пошта арқылы жіберулеріңізге болады, Н.Ж. Маданбеков, жауапты хатшы, ғылым жөніндегі проректор: madanbekov_72@mail.ru; тел.+996 (312) 54-85-66 және/немесе Р.А.Мендекеев, жауапты хатшының орынбасары, niiss-ksucta@mail.ru; тел.+996(312) 54-88-79.

Ақпараттық хат