“Энергетика саласының чемпиондары” байқау

2014 жылдың 24 маусымында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ энергетика саласындағы үздік стартап жобасына байқау жариялаған болатын. Өтінімдерді қабылдау champions2017astana.kz. сайтында онлайн режімінде 2014 жылдың 25 маусымы мен 1 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

Байқаудың мақсаты – Қазақстанда жаңа технологиялық компанияларды дамытуға мүмкіндік беретін стартап жобаларды қолдау.

Байқауға қатысу туралы сұрақтар туындаса, аталмыш электрондық мекен-жайға champions2017astana@mail.ru немесе телефон арқылы +7 777 3693676 хабарласуыңызға болады.